Жаңалықтар

Президент халықты алдағы сайлауға белсене қатысуға шақырды

Президент халықты алдағы сайлауға белсене қатысуға шақырды
Фото: Ақорда 19.01.2023 16:51 1556

Бұл туралы Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы мәлімдемесінде айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Біз бір ел, бір халық болып, Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Осы жолда түрлі сын-қатерді еңсеріп, көптеген маңызды міндетті бірге атқаруымыз керек. Мен баршаңызды азаматтық жауапкершілік танытып, Мәжіліс пен мәслихат сайлауына белсене қатысуға шақырамын», деді мемлекет басшысы.

 Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2023 жылғы 19 наурызда өтеді.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға