Ақорда

Президент «Газпром» төрағасымен жаңа жобаларды талқылады

24.03.2023 20:11

Мемлекет басшысы «Газпром» компаниясының басқарма төрағасы Алексей Миллерді қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Газпром» компаниясының басқарма төрағасы Алексей Миллермен энергетика саласындағы өзара іс-әрекеттің басым бағыттарын талқылады.

Сондай-ақ кездесу барысында газ саласындағы бірлескен жаңа жобаларды жүзеге асыру мәселесі қарастырылды.