Жаңалықтар

Президент Француз халықаралық қатынастар институтының негізін қалаушысымен кездесті

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті
Президент Француз халықаралық қатынастар институтының негізін қалаушысымен кездесті
Фото: Ақорда 29.11.2022 18:43 1295

Мемлекет басшысы Францияға ресми сапары аясында Француз халықаралық қатынастар институтының президенті әрі негізін қалаушы Тьерри де Монбриальмен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропаның ең ықпалды сараптама орталықтарының бірі саналатын Француз халықаралық қатынастар институтының (IFRI) беделі туралы хабардар екенін, ал Тьерри де Монбриальді белгілі саясаттанушы ғалым ретінде білетінін атап өтті.

Әңгімелесу барысында олар өзекті геосаяси мәселелер мен әлемдегі процестердің даму перспективалары жөнінде пікір алмасты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға