Жаңалықтар

Президент Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасына бірқатар тапсырма берді
Президент Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады
Фото: Ақорда 16.08.2022 18:15 1055

Президент Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, – деп хабарлайды El.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа аудиттің жоғары органының биылғы бірінші жартыжылдықтағы қызметінің негізгі қорытындылары, сондай-ақ Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалуы барысы жөнінде баяндалды.

Президентке ұсынылған ақпаратқа сәйкес есептік кезеңде 1,3 триллион теңге көлеміндегі бюджет қаражатын қамтитын 77 нысанда 14 аудиторлық іс-шара өткізілді.

Одан бөлек Наталья Годунова Қасым-Жомарт Тоқаевқа Есеп комитетін Жоғары аудиторлық палата ретінде қайта құру бойынша әзірленген тәсілдер жөнінде ақпарат берді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасына бірқатар тапсырма берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға