Жаңалықтар

Президент Елена Рыбакинаны туған күнімен құттықтады

Президент Елена Рыбакинаны туған күнімен құттықтады
Фото: Ақорда 17.06.2024 17:05 331

Қасым-Жомарт Тоқаев теннистен Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакинаның туған күніне орай құттықтау хат жолдады, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы мәлім етті.

Уимблдондағы және басқа да беделді халықаралық жарыста тамаша жеңістеріңізбен қазақстандық теннис тарихы беттерінен ойып орын алдыңыз. Алдағы уақытта да жанкүйерді керемет ойыныңызбен және жаңа жеңістеріңізбен қуантып, дене шынықтыру мен спортты дамытуға және ілгерілетуге үлес қосатыныңызға сенімдімін. Сізге зор денсаулық пен құт-береке тілеймін, - делінген құттықтауда.

Айта кетейік, Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингін жариялады. Елена Рыбакина төртінші орынға жайғасты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға