Президент елдің ынтымақтастығына үлес қосқан өзге ұлт өкілдерін марапаттады
EL.KZ Информационно-познавательный портал
27.04.2023 12:15
Фото:
ҚР Президентінің баспасөз қызметі
Президент жарлығымен халықтар арасында бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген еңбегi үшiн бірнеше азамат марапатталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму»атты ХХХІІ сессиясының отырысында айтылды.
IІ дәрежелі «Достық» орденімен:
- Гера Ким, «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ Азия зерттеулер институтының директоры;
- Константин Ким, «Коре ильбо» республикалық газетінің бас редакторы.
«Құрмет» орденімен:
- Бронислав Бугинас, «Lituanica» литвалықтар ҚБ мүшесі;
- Наринэ Микаелян, «Наири" Қазақстан Республикасының армян мәдени орталықтарының қауымдастығы» РҚБ төрағасының орынбасары.
«Шапағат» медалімен:
- Алина Кан, «Сөйле» тілдесу клубының қазақ тілінің оқытушысы;
- Дмитрий Останькович, «Радима» беларусь мәдени орталығы» ҚБ төрағасы;
- Юсу Тумгоев, «Вайнах» шешен және ингуш халықтарының мәдениетін дамыту қауымдастығы» ЗТБ мүшесі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

