Жаңалықтар

Президент ел азаматтарын бейіт басына ескерткіш қоймауға шақырды

Президент ел азаматтарын бейіт басына ескерткіш қоймауға шақырды
Фото: © El.kz 17.07.2024 15:13 1440

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров бейіттерге ескерткіш орнатуға қарсы екенін жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті басылымдардың біріне берген сұхбатында Жапаров бұл әрекетті шариғатқа қайшы екенін атап өтті.

Шариғат бойынша мұсылманға бағалы тас түрлерін орнатуға және қабір басына фотосуреттер қоюға, оны темір қоршаулармен қоршауға, цемент пен бетон қолдануға тыйым салынады. Мұндай әдет-ғұрыптар марқұмға көмектеспейді. Керісінше қабірдің үстіне төбе тұрғызу марқұмның рухына азап әкеледі, - деді Қырғызстан президенті.

Ол сондай-ақ, барлық қырғызстандықтарға зираттарға металл және тас ескерткіштер тұрғызуды тоқтатуды сұрады.

Марқұмдардың рухына тағзым ету үшін үйде күнде оларға Құран оқып еске алуға болады. Сол жеткілікті. Металл ескерткіштер немесе екі қабатты кесенелер орнату – біздің дәстүр емес, – дейді Жапаров.

Президент шариғат бойынша кез келген зиратты соңғы жерлеу рәсімі 25 жыл өткеннен кейін қайта пайдалануға болатынын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға