Ақорда

Президент Дональд Трамппен сөйлесті

22.09.2025 20:40

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йорк қаласына сапары барысында АҚШ президенті Дональд Трамппен сөйлесті, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасап El.kz интернет порталы. 

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына ерекше назар аударылды. 

Дональд Трамп экономика және сауда салаларындағы ықпалдастықты кеңейтудің маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ президенттер халықаралық ахуалға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.