Мемлекет басшысы «CLAAS Group» компаниясы Бақылау кеңесінің төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзерді қабылдады, деп хабарлайды El.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу барысында Катрина Клаас-Мюльхойзер Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін кеңейту жөніндегі жоспарлары туралы айтты. «CLAAS Group» компаниясы былтыр Петропавлда комбайндарды, тракторларды, егіс кешендерін және астық жинау машиналарын құрастыратын зауытты іске қосты. Бүгінге дейін өнімділігі жоғары комбайндарды қосқанда 400-ден аса техника құрастырылды.
Сондай-ақ Президентке ауыл шаруашылығы техникасы мен оның құрамдас бөліктері өндірісін оқшаулау шаралары туралы баяндалды.
Мемлекет басшысы еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің айтарлықтай әлеуетін атап өтіп, ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту мен жергілікті қамтуды арттырудың маңызды екенін айтты.
Кездесуде ынтымақтастықтың дамуына оң баға берілді.
Президент «CLAAS Group» компаниясы Бақылау кеңесінің төрағасын қабылдады
Оқи отырыңыз
9 Сәуір, 10:00
Төрешілер былығына федерация кінәлі ме? І Бізде бомбардирлер жоқ І «Астанаға» обал болды8 Сәуір, 17:20
Талант, тәртіп және төзім: GGG формуласын кім бұза алады?8 Сәуір, 09:02
140 балл және «Алтын белгі» мектебі: жоғары нәтиженің құпиясы неде?3 Сәуір, 10:03
«Таза ауада серуендемейді»: дәрігер бала дамуының кешеуілдеуіне әсер ететін факторларды атады