Жаңалықтар

Президент боранды күндері халыққа көмектескен барша қызметкерлерге алғыс айтты

Президент боранды күндері халыққа көмектескен барша қызметкерлерге алғыс айтты
Фото: Видеодан кадр 12.02.2024 11:34 775

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Жуырда еліміздің бірқатар өңірінде табиғат тосын мінез танытып, жағдай қиындаған кезде жергілікті атқарушы биліктің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медицина мамандары, коммуналдық қызмет пен автомобиль жолдарының жұмысын қамтамасыз ету саласының өкілдері, сондай-ақ басқа да азаматтар халықтың қамы үшін жанқиярлықпен еңбек етті, - делінген хабарламада.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев олардың бәріне шын жүректен алғыс айтып, жылы лебізін білдірді. Еңбегі ерен бір топ азамат мемлекеттік наградаға ұсынылды.

Айта кетейік, Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қолайсыз ауа райына қарамастан, қызметіне адалдық танытып,  әлеуметтік желі жұлдыздарына айналған фельдшерлерді марапаттады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға