Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
14.11.2022 13:15
1395
Фото: Ақорда
«Ақорда» резиденциясында 3 мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Сенім грамоталарын Америка Құрама Штаттарының елшісі Дэниэл Розенблюм, Сьерра-Леоне Республикасының елшісі Мұхамед Йонгаво және Молдова Республикасының елшісі Лилиан Дарий тапсырды.


