©El.kz

Президент бір палаталы Парламент құруды ұсынды: депутаттар не дейді?

08.09.2025 18:02

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған жолдауында парламенттік реформа туралы бастама көтерді. Ол Сенатты он жыл басқарғанын және бұл жауапкершілікті әрдайым зор мәртебе санағанын атап өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Осы бастамаға қатысты Мәжіліс депутаттары пікір білдірді.

Айдос Сарым Қазақстанда екі палаталы Парламент болғанын қалайтынын жеткізді.

Бұл мәселені бір жыл бойы талқылаймыз. Бір жылда керек, керек еместігін анықтайтын боламыз, – деді ол.

Ал Ермұрат Бәпи президенттің бастамасы 2027 жылға дейін талқыланатынын айтты. Талқылау кезінде ортақ пікірге келетіндіктерін жеткізді.

Айта кетерлігі, мемлекет басшысы өз жолдауында осындай бастама көтеріп, 2027 жылы жалпыұлттық референдум өткізу туралы айтқан еді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от EL.KZ (@elkz_portal)