Жаңалықтар

Президент Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады

Президент Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады
Фото: Ақорда 30.05.2024 15:55 452

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс депутаты, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол президентке «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарып жатқан жұмыстары жөнінде мәлімет берді. Бақтықожа Ізмұхамбетовтің айтуынша, қазір 2 жоба жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, «Дәнекер» бастамасы қолға алынған. Оның нәтижесінде соңғы 4 жылда 6896 даудың 4563-інде тараптар істі сотқа жеткізбей келісімге келген. Ал мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған «Іскерлік және жанашырлық» жобасы қазір Атырау, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында іске асырылып жатыр.

Сонымен қатар ардагерлердің «Қоғамдық бақылау туралы» Заңды жүзеге асыруға белсенді атсалысып жатқаны жөнінде баяндады. Олар су тасқынымен күрес кезінде халықты сабырға шақырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Мәжіліс депутаты кездесуде мемлекет басшысына мұнай-газ, ауыл шаруашылығы салаларына, өңірлерде азық-түлік бағасын тұрақтандыруға және дін мәселесіне қатысты ұсыныстар берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға