Жаңалықтар

Президент бала құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесі жайлы айтты

Президент бала құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесі жайлы айтты
Фото: Akorda.kz 29.08.2023 15:18 944

Қасым-Жомарт Тоқаев омбудсмен мен Арнайы мандатқа ие уәкілдер қызметінің тиімділігін арттыруды тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тоқаевтың сөзіне қарағанда, олардың мемлекеттік шешімдерді әзірлеуге қатысу әлеуетін арттыру маңызды.

Сонымен қатар Үкімет пен әкімдер омбудсмендердің өкілдерін барлық кеңесші органның жұмысына қатыстыруы қажет. Уәкілдердің басты міндеті – азаматтардың мүддесі мен құқықтарын табанды түрде қорғау және ілгерілету, - деді Президент.

Мемлекет басшысы өз сөзінде бала құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесіне де тоқталды.

Бала құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесі балалар мен отбасына төнетін қатерлерді жоюға тиімді ықпал етуі тиіс. Ол үшін осы саладағы уәкіл қоғамдық және мемлекеттік институттарды ұйыстыру мүмкіндіктеріне ие болуы керек. Үкімет Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институтын одан әрі дамыту, оның инфрақұрылымын және жергілікті жерлердегі өкілдіктерінің мәртебесін нығайту мәселелерін пысықтауы қажет, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға