Жаңалықтар

Салтанат Тұрсынбекова сайлауға қатысудағы басты мақсаты туралы айтты

Кандидат заң саласында 20 жылға жуық жұмыс істеп жүргеннен кейін әрбір болып жатқан өзгерістерді назарында ұстап жүретінін айтты
Салтанат Тұрсынбекова сайлауға қатысудағы басты мақсаты туралы айтты
Фото: El.kz 11.10.2022 16:34 1724

Орталық сайлау комиссиясына келген президенттікке үміткер Салтанат Тұрсынбекова Президент атану басты мақсаты емес екендігін айтты, деп хабарлайды El.kz. 

Кандидат заң саласында 20 жылға жуық жұмыс істеп жүргенін және еліміздегі әрбір өзгерістерге назар аударып жүретінін айтты.

 «Мені ұсынып отырған қоғамдық бірлестік барлық қалалардағы адамдарды қамтиды. Өзім осы бірлестік басшыларымен ауылдарға барып қайттым. 17-18 өңірді аралап шығып, қандай мәселелер барын анықтап қайттық. Бұлардың барлығы тікелей сайлауға, елдің болашағына қатысты болғандықтан, осыдан кейін осы шешімге келдік. Сайлауға түскен кандитаттың бірде біреуі президент атануға түспейтіндігі анық. Президентке тиесілі өзінің міндеттері бар. Заңда көзделген талаптарға бағынамыз. Бағдарламамызда да көзделген негізгі мақсаттар бар», - деді кандидат.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға