Жаңалықтар

Тоқаев Қарағандыдағы автобус және коммерциялық техника өндіретін зауыт жұмысымен танысты

Президентке кәсіпорын жұмысының алғашқы нәтижелері туралы баяндалды
Тоқаев Қарағандыдағы автобус және коммерциялық техника өндіретін зауыт жұмысымен танысты
Фото: Ақорда 05.10.2022 14:17 1867

Мемлекет басшысы Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында автобус және коммерциялық техника өндіретін QazTehna зауытының жұмысымен танысты, деп хабарлайды  El.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке кәсіпорын жұмысының алғашқы нәтижелері туралы баяндалды.

Зауыт 2021 жылдан бері жолаушылар тасымалына арналған 347 автобус пен электробус құрастырып шығарған. Биыл жыл соңына дейін қоғамдық көлік желісін жаңарту бағдарламасы аясында өңірлерге 700-ден аса автобус пен электробус жеткізу жоспарланып отыр. Оның ішінде 208 автобус еліміздің тоғыз облысындағы білім беру ұйымдарына жіберілмек.

Зауыт әлемдегі жолаушылар көлігін өндіруші Yutong компаниясымен серіктестік орнатқан. Серіктестік аясында компания қазақстандық зауытқа қажетті технологияны кезең-кезеңімен береді. Қазіргі кезде автобустар бөлшегінің 33 пайызы жергілікті материалдардан құрастырылады. Алдағы бес жылда бұл көрсеткішті 50 пайыздан асыру жоспарланып отыр.

Бүгінде зауытта 560 адам жұмыс істейді. Еңбек ұжымының басым бөлігі - Саран қаласының жергілікті тұрғындары.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға