Мемлекет басшысы Ақтөбе қаласындағы үстел теннисі орталығына барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президентке орталықтың директоры Әсет Сағымбаев нысанның жұмысы жайында мәлімет берді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынған бұл спорт кешені халықаралық стандарттарға сай келеді.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің батыс өңіріндегі ең ірі үстел теннисі орталығының мүмкіндіктері таныстырылды.
Кешеннің барлық корты сертификатталған және құрал-жабдықтары Еуропадан әкелінген. Мұнда әртүрлі жастағы кәсіби спортшыларды дайындауға және халықаралық, әлемдік деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік бар.
Бүгінде орталықта 268 бала үстел теннисімен айналысады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

