Жаңалықтар

Президент алдағы уақытта ушығып кетуі мүмкін екенін ескертті. Депутат астаналықтарды алаңдатқан мәселені көтерді

Президент алдағы уақытта ушығып кетуі мүмкін екенін ескертті. Депутат астаналықтарды алаңдатқан мәселені көтерді
Фото: instagram.com/bibigulzheksenbay_official 11.05.2023 12:36 1375

Сенат отырысында депутат Бибігүл Жексенбай соңғы уақытта елорда тұрғындары су тапшылығын көріп отырғанын айтып, премьер-министрге депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Оның айтуынша, су қауіпсіздігі ұлттық қауіпсіздіктің бір тармағы. Астаналықтар соңғы уақытта су тапшылығын сезініп, бұл мәселеге қатты алаңдаулы екенін жеткізді.

Елорданың қарқынды дамуына және қала халқының өсуіне байланысты «Астана су арнасы» мемлекеттік кәсіпорны сумен қамтамыз ету бойынша жобалық қуаттардың жеткіліксіздігін айтып, тұрғындарға суды кесте бойынша төмен қысыммен беруге мәжбүр екенін айтты, – дейді Жексенбай.

Ол Президент алдағы уақытта су мәселесі ушығып кетуі мүмкін екенін ескерткенін жеткізді. Сол себепті бізге оның алдын алу қажет деп айтқан деп отыр.

 Яғни, елімізде су тапшылығы мәселесі бірінші орынға шығады. Дүниежүзілік зерттеулердің болжамы бойынша 2040 жылға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 50 пайызға дейін жетуі мүмкін, – дейді депутат.

Қазіргі уақытта Астанадағы су тапшылығы тәуілігіне мөлшерімен 30 мың текше метрді құрайды. Жергілікті биліктің айтуынша биылғы жылы жазда берілетін №3 су сорғы станциясы бұл мәселені толық шешіп, алдағы 5 жылда елордадағы су тапшылығын болдырмауға ниетті.

Дегенмен, Астанадағы су тапшылығына әсер етіп отырған негізгі фактор құрылыс жұмыстарының қарқын алып, әсіресе, Есілдің сол жағалауында көпқабатты үйлердің тығыз салынуы. Сондықтан алдағы уақытта қалада салынып жатқан үйлерге тексеріс жүргізіліп, қанша мөлшерде су жұмсалып жатқанын есептеу қажет, – деп санайды сенатор.

Депутат Бибігүл Жексенбайдың сөзінше Қазақстан негізінен Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінен келетін суды пайдаланады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға