Мемлекет басшысы Abu Dhabi Ports Group компаниясының бас директоры Мұхаммед әл-Шамисимен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Кездесу барысында көлік және логистика саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды.
Президент Abu Dhabi Ports Group компаниясының Каспий теңізіндегі теңіз және порт инфрақұрылымын дамытып, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясымен стратегиялық серіктестік орнату жөнінде келісімге қол қою жоспарын құптады.
Мемлекет басшысы Қазақстанның Орталық Азия мен Каспий өңіріндегі толыққанды көлік хабына айналуға ниетті екенін және көлік бағыттарын әртараптандыру жұмыстарын жүргізіп жатқанын жеткізді. Атап айтқанда, еліміз Транскаспий халықаралық көлік бағыты мен Солтүстік-Оңтүстік көлік дәлізін белсенді дамытып келеді.
Мұхаммед әл-Шамиси кездескені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, қазақстандық компаниялармен ынтымақтастық орнату жоспары туралы айтты. Abu Dhabi Ports компаниясы Каспий теңізі мен жалпы өңірдің көлік-логистика саласында өзара тиімді серіктестік орнатып, түрлі теңіз қызметі мен шешімдер ұсынуды көздеп отыр.
Президент Abu Dhabi Ports Group компаниясының бас директорымен кездесті
Оқи отырыңыз
Кеше, 10:00
Төрешілер былығына федерация кінәлі ме? І Бізде бомбардирлер жоқ І «Астанаға» обал болды8 Сәуір, 17:20
Талант, тәртіп және төзім: GGG формуласын кім бұза алады?8 Сәуір, 09:02
140 балл және «Алтын белгі» мектебі: жоғары нәтиженің құпиясы неде?3 Сәуір, 10:03
«Таза ауада серуендемейді»: дәрігер бала дамуының кешеуілдеуіне әсер ететін факторларды атады