Премьер-министр Перизат Қайрат ісіне қатысты жағдайға түсініктеме берді
Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Премьер-министр Олжас Бектенов Перизат Қайрат ісіне байланысты «қайырымдылық ұйымдарының жұмысына қандай да бір өзгерістер енгізіле ме?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оның айтуынша, бұл жағдай - тек бюджет қаржысы ғана емес, сонымен қатар қайырымдылыққа берілген қаражат та қолды болатынына нақты мысал. Сондықтан мұндай әрекеттердің алдын алу үшін заңнамалық түзетулер қажет.
Бұл оқиға - қаражаттың тек мемлекеттік бюджеттен ғана емес, қайырымдылық жолмен жиналған қорлардан да ұрлануы мүмкін екенін көрсетеді. Сондықтан, менің ойымша, үкімет тарапынан, сондай-ақ құқық қорғау органдарының негізінде бұл қылмыстың қалай жасалғаны туралы нақты механизм ұсынылады. Сол арқылы осындай құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында заңнамаға өзгерістер енгізуге болады, - деді премьер-министр.
Бұған дейін жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өскені туралы жазғанбыз. Сонымен қатар Бектенов экономикалық өсімді қамтамасыз етуге қатысты тапсырмалар берді.

