Жаңалықтар

Прагада ҰОК қауымдастығының семинары өтті

Прагада ҰОК қауымдастығының семинары өтті
Фото: olympic.kz 01.06.2024 03:19 752

Чехияның Прага қаласында Ұлттық олимпиадалық комитеттер қауымдастығы цифрлық коммуникациялар бойынша семинар өткізді, деп хабарлайды Olympic.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған жиынға Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Pr және маркетинг департаментінің бас менеджері Роза Жұмекенова қатысты. Сессияға бес құрлық пен екі құрлықтық конференциядағы 51 ҰОК-тен 74 өкіл жиналды. 

Семинардың негізгі мақсаттарының бірі цифрлық өзара әрекеттесу саласындағы тиімділікті арттыру мақсатында идея, білім және тәжірибе алмасу алаңын құру болатын. Басты тақырып - 2024 жылы өтетін Олимпиада мен ойынның медиа-ресурстарда жариялануы. 

Семинар барысында көрнекі таныстырылымдар арқылы бірнеше ҰОК өкілдерінің баяндамалары тыңдалды. Сонымен бірге ұйымдастырушылар секциялық топтар серисын да өткізді. Оның барысында барлық делегат сессияның негізгі тақырыбына қатысты мәселелерді талқылау мүмкіндігін алды.

Ұлттық олимпиадалық комитеттер қауымдастығы Парижде 2024 жылы іске қосылатын және ҰОК-терге өз платформаларында пайдалану үшін органикалық мазмұнды жасауға мүмкіндік беретін арнайы бейнежоба туралы толығырақ ақпарат берді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға