Жаңалықтар

Пойыздарда 100-ден астам адам тәртіп бұзған

Пойыздарда 100-ден астам адам тәртіп бұзған
Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ 30.09.2024 09:56 291

Жыл басынан бері «Жолаушылар тасымалы» АҚ қызметкерлері көліктік полициямен бірлесіп, пойыздардағы қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 117 жолаушыны түсірген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22%-ға төмен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүкбагажды және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау ережелеріне сәйкес, жолаушыны келесі жағдайларда пойыздан түсіреді:

  • Егер жолаушы алкоголь немесе есірткі әсерінен мас күйде болып, өз іс-әрекеттерімен қауіп төндіріп немесе басқа жолаушыларға қолайсыздық келтірсе.
  • Егер жолаушы вагонның ішіндн темекі шексе.
  • Егер жолаушы жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсетуден бас тартып, пойыз билеті болмаған жағдайда.
  • Егер жолаушы басқа жолаушыларға немесе пойыз қызметкерлеріне қатысты агрессивті әрекет жасаса.
  • Егер жолаушы өзімен бірге айналасындағыларға қауіп төндіретін тыйым салынған заттар немесе жүктер алып жүрсе.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржол көлігіндегі қауіпсіздікті арттыру мақсатында заманауи технологияларды белсенді енгізуде. Ұлттық тасымалдаушының 478 вагонында 3 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылған. Бейнебақылау жүйесі вагон-мейрамханаларда, вагон-барларда, теміржол станциялары мен вокзалдарда жұмыс істейді. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығының соңына дейін жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қосымша 1 552 вагонға камералар орнатылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға