Жаңалықтар

Поляк волонтеры: Маңғыстаудың киелі жерлерін аралап, ауылға барып шопанның тұрмысымен таныссам деймін

Поляк волонтеры: Маңғыстаудың киелі жерлерін аралап, ауылға барып шопанның тұрмысымен таныссам деймін
10.04.2019 10:36 2690

«Тұман төнген, борандатқан, көңілге кірбің түсіп күңіренген сәттер де, қыстың түнерген ұзақ түндері  де артта қалды» деп бастады өз әңгімесін 2018 жыдың қыркүйегінде Польшадан Ақтөбеге келген волонтер Олчак Марэк.   

«Мен Қазақстандағы күздің жылы күндермен, қаланың қарқынды ырғағымен, өзіндік ұлттық нақышымен, ас үйдің жұпар иісімен және тұрғындардың мейірімділігіне тәнті болдым. Бір қарағанда, мұндағы адамдар қатал көрінгенімен, жақын араласа бастағанда олардың жан жылуы мен ашықтығын сезінесің. Маған ұнағаны: көшедегі, дүкендегі, түрлі орындар мен ұйымдардағы тәртіптің болуы және адамдардың әдептілігі. Менің салыстыратындай дәйектерімнің жеткіліктілігіне сенсеңіз болады.

Мен Варшава университетін «поляк филологиясы» мамандығын бітіріп, мектепте және университетте жұмыс істедім. Менің еліміздің Білім Министрлігі жанындағы Шетелдегі поляк білімін дамыту орталығынан шетелде жұмыс істеуге ұсыныс түскенде ойланбастан келістім.

Өмірімді күрт өзгертіп, поляк университеті оқытушысынан волонтерлыққа ауыстым. 2013 жылы мен алғаш рет РФ Томск қаласына келіп, бұдан әрі Украинада жұмыс істедім.

Қазір Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Святло» поляк ЭМБ-нің жексенбілік мектебінің тыңдаушыларына ана тілімді оқытамын. Жұртқа поляк тілін үйрету менің саналы таңдауым болатын, ол үшін еш өкінбеймін.

Польша диаспорасының басшысы Елена Цибульскаяға және ҚХА хатшылығына жылы қарсы алып, қолайлы еңбек жағдайын жасағаны үшін алғысымды білдіремін.

Маған Қазақстан ұнайды. Маңғыстаудың киелі жерлерін аралап, Алматыға баруды армандаймын. Жазда алыс ауылға барып, бір апта демалып, дала әуенін сезініп, шопанның күнделікті тұрмысымен танысуды жоспарлап отырмын.      

Тағы бір таң қалдырған жәйт, бұл полимәдениеттілік, түрлі этностардың сабақтастығы. Поляк отбасы бешбармақ жасап қысқа соғым сақтайды, украиндар борщты басқа ешкім дайындай алмайды деп мақтанса да,  қазақ отбасының дастарханында буы бұрқыраған борщ тұрады. Жастар үш тілді меңгерген. Біздің актриса Барбара Брыльски мен поляк футболшыларын біледі. Айтпақшы, футбол лайықты деңгейде дамығаны таң қалдырды. Жергілікті стадион әрқашан лық толы. Менің барлық жаңа достарым Ақтөбе – Қазақстанның футбол астанасы екендігін қайталаудан жаңылмайды.

«Марэк, Сізге біздің қалада не ұнамайды?» деген ыңғайсыз сұрағыма, «Экология және тұрғын үйлердің аулаларындағы машиналардың тым көптігі», -деді. Осындай қарқынды дамумен сіздер жоғары өркениетті деңгейге тез жетесіздер, сондықтан бұл уақытша құбылыс», - деп  жұбатты. Ең бастысы – тұрақтылық, бірігіп күнделікті қажырлы еңбек ету.

 Марс Касимов,

Ақтөбе облысы әкімінің аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ сарапшысы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға