Жаңалықтар

Польша президентінен алғыс алған түркістандық ақсақал – Тасыбай ата

Польша президентінен алғыс алған түркістандық ақсақал – Тасыбай ата
02.07.2019 17:39 5602

Тасыбай ата Өзбекстанда ауылшаруашылық техникумын бітіріп, колхозда агроном, кейін бригадир болып қызмет атқарды. 9 баладан 24 немере сүйген, ауылында құрметті ақсақал.

1951-1955 жылдар аралығында жаппай қуғын-сүргін кезінде Қазақстанға мыңнан астам ұлт өкілі жер аударылды. Олардың ішінде поляктар бірінші болған.

Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданының Қызылабад колхозына да келді. Тасыбай атаның айтуынша, Польшадан жер аударған Яблонский отбасы оның көршісі болған.

PHOTO-2019-07-02-15-38-12.jpg

«Келген уақытта аш-жалаңаш 2 апта көлемінде үйіне әрең жеткен, күнделікті үйінен хабар алып тұрушы едім. Бірде үйіне хабар алуға барғанымда Валентин Яблонский ауыр науқастанып жатыр екен, абдырап қалдым, бірден үйімен келіп, сүт алып кеттім. Міне, біздің достығымыз ол ауылға көшіп келген күннен басталды. Валентин Яблонский сырқатынан жазылған соң, ауылда фельдшер болып қызмет жасады. Талай адамды өлім аузынан құтқарып, ауылда танымал кісі болды», – дейді ақсақал.

1955 жылдың аяғында КСРО Министрлер кеңесінің төрайымы Георгий Маленковтың бұйрығы бойынша Яблонский отбасы өз еліне қайтты.

PHOTO-2019-07-02-15-13-03.jpg

Арадан 67 жыл өткен соң, 2012 жылы Валентин Яблонскийдің немересі Войцех Қазақстан жеріне Тасыбай Әбдікәрімовті іздеп келеді. 2018 жылы тамыз айында Войтек Яблонский қонақта болды. Польша елінің президентінен медаль алу туралы хабарламаны Войцех Яблонский мәлім етеді.

Осылайша, 2019 жылдың 18 маусымында Тасыбай Әбдікәрімов Польша президенті Анджей Дуданың қабылдауында болды. Марапаттау кеші Польша елінің атақты театрларының бірінде өтті. Ал Тасыбай ата мен Валентин Яблонскийдің кездесуі Варшава қаласындағы Қазақстан елшілігінде өтті. Қазақстанның Польшадағы елшісі Марғұлан Баймаханов құшақ жая қарсы алды. Кездесу барсында 1951-1955 жылдардағы Тасыбай ата мен Валентин Яблонскийдің естеліктері айтылды. Кейін Ақсақал Польшаның атақты музейлеріне барды.

PHOTO-2019-07-02-15-10-49.jpg

«Польша – үлкен туристік елдердің бірі. Келесі күні Варшава қаласын аралап жақсы әсер алдық. Польша елінің азаматтары қонақжай екен. Польша президенті Анджей Себастьян Дуда мырзаға мың алғыс. Екі елдің ынтымағы мен достығы артып, өзге елдерге үлгі бола берсін. Маған берген медаль бүкіл қазақ еліне берген марапат деп санаймын. Осы бір сәт есімде мәңгілік қалары – сөзсіз», – деді Тасыбай ата.

Фото: instytutpileckiego.pl

Дана Тугамбекова

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға