Полиция ескертуін елемеген жүргізуші көлігімен суға кетті
06.04.2025 15:46
Фото:
видеодан скрин
Ақмола облысының полициясы жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
"5 сәуірде полиция бекеті қойылғанына және жолды су басуына байланысты енгізілген шектеуге қарамастан, жүргізуші тыйымды бұзды. Жүргізуші жабық учаскені айналып өтуге тырысты. Су басқан учаскені кесіп өту кезінде көлікті ағын алып кетті", - делінген хабарламада.
Көлікте үш адам болған. Екі жолаушы құтқарылды. Жүргізушінің денесі табылды.
Оқиға "Астана-Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы" автожолының 963–ші шақырымында болды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

