Жаңалықтар

Полиция бастығының қыз зорлауы: істі болған полицей жауапты қызметке қалай тағайындалды?

Полиция бастығының қыз зорлауы: істі болған полицей жауапты қызметке қалай тағайындалды?
Фото: © El.kz 16.11.2023 12:35 1129

Қыз зорлады деп күдікке ілінген полиция генералы Марат Күштібаев 2019 жылы Алматы облысының жергілікті полиция қызметінің басшысы қызметін атқарып жүргенде істі болған. Қол астындағы қызметкерлеріне дөрекілік жасап, боқтық сөз айтқан генералдың дауысы басылған аудиожазба тарап, қоғам талқысына түскен. Осыған байланысты ол қызметінен шеттетілген. Бірақ 2022 жылы Талдықорған қалалық полиция басқармасының басшысы қызметіне тағайындалған. Істі болған полицей жауапты қызметке қалай және неге тағайындалды? Осы сұраққа ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кешегі жасалған қызметтік тексеріс кезінде осындай жағдайдың болғаны анықталды. Сол кезде оны қызметінен алып тастап, төмендеу лауазымға тағайындалған. Одан кейін қызметін атқарып жүріп осы лауазымға тағайындалған, - деді министрлік өкілі.

«Полиция бөлімшелерінде қыз зорлау фактілері болып жатпағанына кім кепіл? Қалай тексеріп жатырсыздар?» деген журналистер сауалына министр орынбасары «сіздердің де араларыңызда қылмыс жасайтындар болуы мүмкін» деп жауаптан жалтарды. Министрліктің қанатының астындағы Полиция департаментінде болып жатқан мұндай сұмдық жайтқа министр мен минстрліктің еш кінәсі жоқ екенін айтты.

Министрдің кінәсі қанша? Кінәлі адам заң бойынша жауапқа тартылып жатыр. Бәрі заң бойынша, - деді ол.

Айта кетейік, шулы оқиға 12 қараша күні Талдықорған қалалық Полиция департаментінде болған. Адвокаттың сөзінше, учаскелік инспектор қоғамдық тәртіпті бұзды деген айыппен 27 жастағы қала тұрғынын Ішкі істер басқармасына жеткізген. Осы жерде анықтаушының кабинетінде сұрақтарға жауап беріп отырған қызды басқарма басшысы кабинетіне әкелуді бұйырады. Бойжеткен басшының кабинетіне кіргеннен кейін болған жағдайды айтып ақталған. Оны мұқият тыңдаған полиция басшысы көмектесетінін айтқан. «Сендей әдемі қызға протокол толтырғызбаймын» деп қызды жыныстық қарым-қатынасқа мәжбүрлеп, тиісе бастайды. Қазір жәбірленуші тиісті сараптамадан өтті, қылмыс орнынан, яғни Талдықорған қалалық полиция басқармасы басшысының кабинетінен айғақтар алынды. Кабинеттен қызға тиеслі гигиеналық заттар мен ер адамның шауһат ізі табылды.

Қылмыстық іс қозғалғаннан кейін қалалық полиция бастығын қызметтік тексеру басталды. ІІМ бұл іс министрліктің ерекше бақылауында екенін айтты. Кеше ПД бастығы мен орынбасарлары қызметтен босатылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға