Жаңалықтар

"Полиция бастығы қыз зорласа, халық оған қалай сенеді?" Министрдің орынбасары жауап берді

"Полиция бастығы қыз зорласа, халық оған қалай сенеді?" Министрдің орынбасары жауап берді
Фото: Коллаж El.kz 16.11.2023 11:55 1428

Талдықорған қалалық полициясының бастығы 27 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталған болатын. Осы сұмдық жағдайға қатысты ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция бастығы қыз зорлап жатса, халық оларға қалай сенеді деген сұраққа жауап берген министрдің орынбасары қылмыс жасаған басқарма бастығын танымайтынын айтты.

Ұятты жағдай. Оны мойындау керек. Бірақ әр адамның ойында не бар екенін біз біле алмаймыз. Қызметке жаңа келген адам емес, талай жылдан бері істеп келе жатқан адам. Бірақ осындай қылмысқа барған. Тергеу нәтижелері бәрін анықтап, қандай жауапкершілікке тартылатынын сот шешетін болады, - деді ол.

Сондай-ақ істің мән-жайы тергеу аяқталғаннан кейін ғана айтылатынын жеткізді.

Кеше барлық бұқаралық ақпарат құралдарында министрдің бұйрығымен арнайы тергеу тобы аттанғаны хабарланған болатын. Олар қызметтік тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Талдықорған қаласы полиция бастығының зорлау фактісі бойынша тексеру жүріп жатыр. Басқа да фактілер қызметтік тексеруден өтетін болады. Министр кеше барлық басқарушы құрам қызметінен босатылғанын айтқанын өздеріңіз де білесіздер. Оның ішінде полиция бастығы мен оның орынбасарлары да бар, - деді ол.

Айта кетейік, 13 қарашада Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы Уақытша ұстау изоляторына қамалғаны хабарланған болатын. Ол облыс орталығының 27 жастағы тұрғынын зорлады деген күдікке ілінгенін Жетісу облыстық Полиция департаменті жазған.

Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігі (Қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға