Жаңалықтар

Полиция балабақшада таяқ жеген балаға қатысты тексерісті бастады

Полиция балабақшада таяқ жеген балаға қатысты тексерісті бастады
Фото: коллаж El.kz 23.02.2024 15:09 2048

Желіде балалар өзінің топтасын аяусыз ұрып-соғып жатқаны видео тарады. Зардап шеккен баланың ата-анасының сөзіне қарағанда, 2024 жылғы 21 ақпанда болған, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласының білім басқармасы бұл оқиға №51 бөбекжай-балабақшасында болғанын мәлімдеді.

Олардың айуытнша, тәрбиеші осы сәтте балаларға түскі ас алған басқа бөлмеде болған. Сондықтан балабақша тәрбиеленушілерінің мінез-құлқын бақылай алмаған.

Үш жасар баланың ата-анасының арызы бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы тексеру жұмыстарын жүргізді.

Балабақша әкімшілігінің бұйрығымен тәрбиешіге қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Бақылауды әлсіреткені үшін балабақша меңгерушісі де тәртіптік жазаға тартылды.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы балабақшалардың бірінде баланы аяусыз ұрған видео таралғанын хабарлаған едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға