Полиция Алматыда емханадан қашқан күдіктіні қолға түсірді
05.05.2025 02:34
Фото:
©El.kz/Арман МҰХАТОВ
Алматыда қалалық ауруханадан қашып кеткен тергеудегі адамды полиция қолға түсірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұрлыққа қатысы бар күдікті қалалық ауруханадан 3 мамыр күні қашып кеткен. Ол қамауға алынған соң сол жерде емдеуге жіберілген.
Ұрлық жасады деген күдіктінің өзі емделіп жатқан қалалық ауруханадан қашып кетуіне қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп жазылған ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің мәліметінде.
Аталған оқиғаға қатысты тиісті мән-жайын анықтау үшін қазіргі уақытта қызметтік тергеу жүргізіліп жатқаны айтылды.

