© El.kz/Арман МҰХАТОВ

Полиция Алматыда балалар үйінен кетіп қалған тәрбиеленушілерді тапты

05.08.2025 01:11

Алматыда балалар үйінен қашып кеткен тәрбиеленушілер аман-есен табылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Жасөспірім қыздар 18 шілдеде өз еркімен кетіп қалған. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, олар жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы облысының аумағынан анықталған.

Іздеу жұмыстарына полициямен қатар еріктілер де атсалысқан. Қазіргі таңда істің мән-жайын Бостандық аудандық полициясы тергеп жатыр.