Полиция 9 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген азаматты ұстады
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ
25.07.2024 15:15
532
Түркістан облысының полициясы 9 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген ер адамды ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 9 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген жергілікті тұрғынды анықтады.
35 жастағы іздеуде жүрген азаматты полиция қызметкерлері Сайрам ауданындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде ұстады.
Күдікті 2015 жылы қару қолданып, ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде болған. Қазіргі уақытта ер адам қамауға алынды.
Тергеу күдіктінің қылмысқа қатысы бар екенін толық дәлелдеді, ал жиналған материалдар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістан облысында 325 мопед жүргізушісіне айыппұл салынды
Келесі жаңалық
Қарағанды облысында екі балықшы жоғалып кеткен