Полицейлер жүргізушілерді мұқият болуға шақырды
07.01.2025 22:20
Фото:
Видеодан кадр
Түркістан облысының полициясы қолайсыз ауа райына, соның ішінде ызғар жел, қалың қар мен жаңбырға байланысты жүргізушілерді жолдағы қауіпсіздікке ерекше назар аударуға шақырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық ПД мәліметінше, Жамбыл облысы бағытындағы Хоргос-Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент республикалық маңызы бар трассаларда барлық көлік құралдарының қозғалысына шектеу қойылды.
Ауа райының нашарлауына байланысты патрульдік полиция қызметкерлері автокөлік жүргізушілеріне жол ережелерін қатаң сақтауға және жолда абай болуға кеңес береді. Сондай-ақ полиция алыс жолға шығудан бас тартып, көліктің техникалық жағдайын тексерген жөн екенін еске салады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

