Жаңалықтар

Полицейлер WhatsApp пен Telegram арқылы жасалатын алаяқтық туралы ескертті

Полицейлер WhatsApp пен Telegram арқылы жасалатын алаяқтық туралы ескертті
Фото: Абай облыстық ПД 20.10.2024 12:11 427

Абай облысының полицейлер тұрғындарға WhatsApp және Telegram арқылы зиянды сілтемелер арқылы жасалатын алаяқтық туралы ескертеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алаяқтар жәбірленушіге дауыс беру, жүлделер ойнату немесе сауалнама туралы сілтемелер жібереді. Сілтемеге өткеннен кейін алаяқтар мессенджердегі аккаунтқа қол жеткізеді. Содан соң олар бұзылған аккаунт арқылы басқа адамдарға ақша сұрап хабарлама жібереді. Хабарлама алған адамдар оны шынайы деп ойлап, алаяқтардың шоттарына ақша жіберуі мүмкін.

Полиция күмәнді сілтемелерге өтпеуді, тіпті олар таныстардан келсе де сақ болуды ескертеді. Күдікті хабарламалар алсаңыз, хабарламаны ашпай, жіберушімен байланысып, оның шынайылығын тексеріңіз,-деп атап өтті облыстық ПД.

Егер сілтемені ашып қойған болсаңыз, WhatsApp немесе Telegram-да “Параметрлер” бөліміне кіріп, “Байланысқан құрылғыларды” (Telegram-да – “Құрылғылар”) тексеріңіз. Рұқсат етілмеген құрылғыларды тапсаңыз, оларды дереу ажыратыңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға