Полицейлер Қызылорда облысында есірткі өсіретін фитозертхананың жұмысын анықтады
29.01.2025 07:32
Фото:
Polisia.kz
ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісі прокуратураның үйлестіруімен Қызылорда облысында жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 40 жастағы ер адамды ұстады, -деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Cырдария ауданының тұрғыны өзінің үйінде аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтап, қарасора өсірумен айналысқан. Кейін оны таратуды көздеген. Тінту барысында ыдыстарға отырғызылған 86 түп қарасора, есірткі затын өсіруге арналған жабдықтар, сондай-ақ екі дана пластикалық ыдысқа салынған кептірілген марихуана тәркіленді.
Жалпы 2,7 келі кептірілген марихуана және 10 келі қарасора өсімдігі анықталды. Күдікті ұсталды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

