Жаңалықтар

Полицейлер баласымен жалғыз қалған ресейлікке көмектесті

Полицейлер баласымен жалғыз қалған ресейлікке көмектесті
Фото: © Polisia.kz 01.01.2024 20:41 1098

Ақмола полицейлері жаңа жыл қарсаңында бөтен қалада жас баласымен жалғыз қалған Ресей елінің азаматшасына көмектесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Степногорск қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне түнгі сағат 3 шамасында әпкесі мен 8 жасар жиенін іздеп жүрген әйел көмекке жүгінді.

Өтініш берушінің айтуынша, Ресей Федерациясында тұратын туыстары оған жаңа жылды қарсы алуға келген, алайда кейін белгісіз себептермен жоғалып кеткен.

Іздеу барысында полиция қызметкерлеріне жергілікті кафелердің бірінде жаңа жылдық мереке кезінде апалы-сіңлілерде ауызша жанжал туындағаны белгілі болды, содан кейін орыс әйел баласын алып, мекемеден шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалған.

Оқиға туралы білген "Буран-13" экипажының полиция қызметкерлері патрульдік полиция взводының инспекторлары Еркебұлан Зияханов пен Еламан Еслям жоғалып кеткендердің орналасқан жерін білетіндерін айтты: түнгі сағат 2-де парк көшесін патрульдеу кезінде жол бойында келе жатқан жас қызбен бірге әйелді байқағанын айтты. Полицейлер өз көмегін ұсыну үшін тоқтап, мұндай ауа-райында көшеде жалғыз жүрудің қажеті жоқ екенін ескертуге шешім қабылдады. Белгілі болғандай, әйел қатты күйзеліске ұшырап, қызымен бірге осы қалада жалғыз қалғанын айтып, оған түнеу үшін орын табуға көмектесуін өтінді. Полицейлер еш ойланбастан оларды дереу көлікпен жергілікті жатақханаға апарды.

Алынған ақпараттан кейін өтініш беруші полиция қызметкерлерімен бірге осы жатақханаға барды. Жаңа жыл қарсаңында туыстары татуласып, үйлеріне аман-есен оралды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға