Жаңалықтар

Полицейге шабуыл жасаған жүргізуші 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Полицейге шабуыл жасаған жүргізуші 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Фото: El.kz/Арман Мухатов 22.09.2023 20:46 633

Полицейге шабуыл жасаған жүргізуші 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ішкі істер ведомствосының баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, 20 қыркүйекте Алматы-Ташкент автожолының 168 шақырымында жол ережесін өрескел бұзғаны үшін полиция қызметкері Жамбыл облысы Қордай ауданының 61 жастағы тұрғынының басқаруындағы "Тойота Карина" маркалы автокөлігін тоқтатқан.

Бұзушылықты тіркеу кезінде жүргізуші патрульдік полиция батальоны қызметкерінің мойнына бір рет жиналмалы пышақпен ұрған.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 380-1-бабы 1-бөлігі бойынша (құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғушылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жауап алу кезінде ер адам әйелінің қайтыс болуына және тұрмыстық мәселелерге байланысты депрессиялық жағдай оны осындай үмітсіз қадамға итермелегенін түсіндірді. Өзінің ойланбай жасаған әрекетінің ауырлығын түсініп, жасаған ісіне өкінетін жеткізді. Полиция қызметкері ауруханаға жеткізілді, - делінген ведомствоның хабарламасында.

Ұсталған адам Қордай АПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қызметтік тергеу тағайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға