Полицейді қасақана қаққан Рудный тұрғыны сотталды
06.01.2024 15:22
Фото:
© Polisia.kz
Рудныйлық тұрғын полицейді қасақана қаққаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жүргізуші билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот оған пробациялық бақылауды белгілей отырып, 2 жыл бас бостандығын шектеуді тағайындады.
Естеріңізге сала кетейік, 22 желтоқсанда Рудный қаласында Toyota жүргізушісі "Мүгедектерге арналған тұраққа" көлігін қойған болатын. Заң бұзушылықты байқаған патрульдік полиция қызметкері көлікке жақындап, жүргізушіге ескерту жасады. Ер адам агрессивті әрекет етіп, оқиға орнынан қашпақ болған. Ол полиция қызметкерін көліктің капотында 50 метрдей сүйреп, содан кейін ол қашып кеткен.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

