Жаңалықтар

Полицейді балағаттаған жасөспірімнің анасына айыппұл салынды

Полицейді балағаттаған жасөспірімнің анасына айыппұл салынды
Фото: El.kz 26.07.2024 16:19 555

Полицейді балағаттаған жасөспірімнің анасына айыппұл салынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында полицейді балағаттаған жасөспірімге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс-құжаттарына сәйкес, жасөспірім 20 маусымда сағат 14:00 шамасында Камалов көшесі бойында полиция қызметкерін балағаттаған. Баланың анасы кінәсін мойындап, алдағы уақытта бұл жағдай қайталанбайтынын, соттан және инспектордан кешірім сұрайтынын айтты.

Сот қаулысымен жасөспірімнің анасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 435-бабымен кінәлі деп танылып, оған 18 мың 91 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға