Жаңалықтар

Пластик бөтелкедегі сусынды аларда неге назар аудару қажет?

Сусын сатып аларда бөтелкенің қандай болу керектігін білесіз бе?
03.11.2015 11:32 7776

Сусын сатып аларда бөтелкенің қандай болу керектігін білесіз бе? Көпшілік бар болғаны бөтелкенің түбі сау болы қажеттігін ғана біледі. Бірақ бұл өз денсаулығыңызды сақтау үшін жеткілікті емес.   

Пластик бөтелкедегі сусынды аларда неге назар аудару қажет?

 Пластик бөтелкелердің этикеткасында олардың пластиктің қай түрінен жасалғандығы туралы ақпарат болады. Бұл өте маңызды ақпарат, өйткені мұндай бөтелкелердің көбі адам ағзасына белгілі бір деңгейде қауіп төндіретін химикаттар шығарады.

 Пластик бөтелкелерден келесідей белгілер мен жазуларды көруге болады.

Пластик бөтелкедегі сусынды аларда неге назар аудару қажет?

PET немесе PETE

ПЭТ немесе біржолғы бөтелкелер ішінде тұрған суға адам ағзасына әсер ететін ауыр металдар мен заттар бөле алады.

ПЭТ – әлемдегі ең жиі қолданылатын пластмасса түрі. Оны тек бір реттік пайдалану үшін   екенін есте сақтау маңызды. Егер мұндай бөтелкеге сіз өз суыңызды құятын болсаңыз, ағзаңызға кейбір сілтілі элементтер мен көптеген бактерия түсуіне дайындалыңыз.

HDP немесе HDPE

Бұл салыстырмалы түрде жақсы пластик, ол ешқандай зиянды зат бөлмейді. Мамандар мүмкіндігінше дәл осындай бөтелкелерді сатып алуды ұсынады. Өйткені ол денсаулыққа да, экологияға да пайдалы: мұндай бөтелкелердің көбі қайтадан өңделуге жатады. Сондай-ақ, пластиктің бұл түрі өте қатты келеді және көбіне көп сүт сақтау, ойыншық жасау және пластик пакеттердің кей түрлерін әзірлеуде қолданылады.

PVC немесе V

Бұл материалдан жасалған заттар ең кемі екі қауіпті химикат бөледі және екеуі де ағзамыздағы гормоналды тепе-теңдікке теріс әсер етеді. Ол өте жұмсақ және иілгіш келеді, сол себепті де өсімдік майын сақтауға және балалар ойыншығын жасауда қолданылады. Көптеген тұтынылатын тауарлардың қаптамасы да осы пластиктен даярланады. Компьютер кабельдерінің орамасына да осы материал қажет. Сонымен қатар бұл материалдан пластик құбырлар мен сантехника бөлшектерін жасайды. PVC салыстырмалы түрде күн сәулесі мен қатал ауа-райына төзімді, сол себепті оны терезе жақтауларына және бақ құбыршегіне қолданады. Дегенмен, мамандар мүмкіндігінше мұндай пластикті алмауға шақырады.

LDPE

Пластиктің бұл түрі бөтелке өндірісінде де, пластик пакеттерінің өндірісінде де қолданылады. Ол ішіндегі суға ешқандай да химиялық заттар бөлмейді. Бірақ бұл тек бөтелкеге қатысты. Мұндай материалдан жасалған пакеттер дәл солай қауіпсіз емес, оның ішіндегі азық-түлік өнімдерін тұтынған кезде тағаммен бірге зиянды химикаттар да сіздің ағзаңызға түседі.

PP

Бұл пластик ақ түсті немесе күңгірт келеді. Жеміс шырындары мен йогурт қамтамасы ретінде пайдаланылады. Полипропилен өзінің жылуды сақтай алатын қасиетіне байланысты жақсы бағаланады. Қызған кезде ол балқып кетпейді. Салыстырмалы түрде қауіпсіз.

PS

Көбіне жылдам тамақтану кезіндегі кофе стақандары мен контейнерлер өндірісінде қолданылады. Қыздырылған кезде қауіпті химиялық қосылыстар бөледі.

Полистирол – қымбат емес, жеңіл және берік пластиктердің бірі. Ол ыстық тамақ пен сусындарды сақтауға жарамайды.  

PC немесе арнайы белгісі жоқ пластмасса  

Бұл – пластиканың ең қауіпті түрі. Су бөтелкелері мен тағам контейнерлерінің өндірісінде қолданылады.

Поликарбонаттан жасалған ыдыста тамақ пен суды сақтауға мүлдем болмайды: ол «бисфенол А» атты біздің эндокриндік жүйемізді жоятын зат бөледі. Эстроген гормонының бөлінуін тежейді.  

Осы себепті пластик бөтелке мен қаптама алмас бұрын мұқият болыңыз. Ең дұрысы шыны ыдысты пайдаланған жөн, өйткені ол әлдеқайда қауіпті. 


Дәурен Омаров

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға