Жаңалықтар

Пияз экспортына тыйым салынған жоқ – министрлік

Сауда және интеграция министрлігі түсініктеме берді
Пияз экспортына тыйым салынған жоқ – министрлік
Фото: massaget.kz 28.07.2022 20:05 2339

Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік желілерде тараған пияз эскпортына шектеу қою туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды El.kz

«22 шілде күні ведомствоаралық комиссия отырысында пияз бағасының өсу мәселесі қаралды. Бүгінгі күні пияз экспортына шектеу қойылған жоқ. Кейбір өңірлерде пияз бағасы 360 теңгеге дейін өсті. Осыған байланысты ведомствоаралық комиссия отырысында Ауыл шаруашылығы министрлігіне, Сауда комитеті мен облыс әкімдіктеріне бағаның өсу себептерін анықтау тапсырылған болатын», - деді Сауда және интреграция министрлігінің ресми өкілі Әлішер Өмірзақ.

Бірнеше күн бұрын Ауыл шаруашылығы министрлігінің де пиязды сыртқа шығаруға шектеу қою жөніндегі ұсынысты қолдамайтынын хабарлап едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға