Пиротехниканың қауіптілігі туралы ТЖМ құтқарушылары айтып берді
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
21.12.2024 17:06
151
Жаңа жыл мерекелері жақындап келеді, сондықтан оларды қауіпсіз қарсы алу үшін ШҚО ТЖД мамандары халыққа арнайы тәжірибе өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Пиротехникалық бұйымдарды жағып, ыдыспен жапты. Әр фейерверктің қуаты ыдыстың қаншалықты қашықтыққа ұшып кеткенінен көрінді.
Петардалардың негізін жанғыш заттар мен тотықтырғыштардан тұратын жарылғыш қоспалар құрайды. «Бомбочка» деп аталатын бұйымдардың өлшемі шағын болғанымен, олар өте қауіпті және жарақат әкелуі мүмкін, - деп түсіндірді ШҚО ТЖД мамандары.
ТЖМ пиротехниканы қолдану кезінде келесі қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады:
нұсқаулықты оқып шығыңыз.
ешқашан пиротехниканы балаларға сатуға немесе оларға қолдануға бермеңіз.
фейерверкті іске қосатын орынды дұрыс таңдаңыз. Бұл үлкен ашық алаң болуы керек, 50 метр радиуста ғимараттар, автотұрақтар және басқа өрт қаупі бар нысандар болмауы тиіс.
фейерверктерді ғимарат ішінде және жабық бөлмеде қолдануға болмайды.
күшті жел кезінде фейерверкті қолданбаңыз.
петардаларды адамдарға, жануарларға және автокөліктерге лақтыруға қатаң тыйым салынады.
білтеге от бергенде, отшашудың үстіне еңкеюге болмайды.
отшашу аяқталғаннан кейін оны сумен сөндіріңіз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қасым-Жомарт Тоқаев Германия президентіне көңіл айтты
Келесі жаңалық
Астанада экология туралы жаңа жылдық спектакль көрсетілді