Жаңалықтар

Pinduoduo мен Тemu-дің иесі Қытайдағы ең бай адамға айналды

Pinduoduo мен Тemu-дің иесі Қытайдағы ең бай адамға айналды
Фото: Qilai Shen/Bloomberg 09.08.2024 17:52 470

Bloomberg миллиардерлер индексіне сәйкес, Қазақстанда да қолданылатын Тemu Қытай маркетплейсінің негізін қалаушы Чжен (Колин) Хуан Қытайдың ең бай азаматы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Хуанның 2015 жылы Pinduoduo-ны құрғанын да айта кетейік. 44 жастағы кәсіпкердің байлығы 48,6 миллиард долларға тең.

Хуан байлар тізімінде 2021 жылдың сәуірінен бастап көш басында тұрған Чжун Шаньшанді ығыстырды.

Бұрын Хуан Google инженері болған. 2015 жылы ол құрамына Рinduoduo онлайн-ретейлер PDD Holdings холдингін құрды. Ол әлемдегі ең бай адамдар рейтингінде тез көтерілді, ал 2021 жылдың басында оның байлығы 71,5 миллиард долларға жетті.

Дегенмен құлдырау кезеңі де көп күттірген жоқ, бір жылдың ішінде байлығы 87% азайды. Осыдан соң ол ішкі тұрақсыз экономикаға қарсы тұруға көмектеседі деген мақсатпен Қытайдан тыс жерде қызмет көрсететін Temu (PDD Holdings еншілес ұйымы) брендін ашты. Наурызда Хуан холдингтің 26,5% акцияларына иелік етті және ең ірі жеке акционер болды.

Сегізінші наурызда холдинг акцияларының өсе бастады, тиісінше бір акцияның құны 110,34 доллар болды. Содан бері құнды қағаздар 25% қымбаттап, 8 тамызда – сессия жабылған кезде NASDAQ-та 138,02 долларға жетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға