ПІБ Медициналық орталығының баспасөз қызметі

ПІБ Медициналық орталығының 221 қызметкері күшейтілген режимде жұмыс атқаруда

14.10.2022 20:15

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарамасының Медициналық орталығы Азиядағы сенім және ынтымақтастық шаралары кеңесінің VI саммиті, ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысы мен «Орталық Азия – Ресей» саммитін өткізуді ұйымдастыруға белсенді қатысуда, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы медициналық орталықтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Маңызды іс-шараға Медициналық орталықтың 21 қызметкері, Медициналық орталық ауруханасынан 179, Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығынан 21 қызметкер жұмылдырылған.

Қызметкерлерге қатысушыларды күтіп алу, медициналық тұрғыда көмек беру, санитарлық эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүктелді.