Петропавлдың «Қопай» шағын ауданында бірнеше көпқабатты үйлер бой көтере бастады
24.07.2024 22:18
Фото:
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Копай шағын ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге салынып жатқан үйлердің құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жалпы игерілетін жер көлемі 44,6 гектарды құрайды. Мұнда 29 көпқабатты тұрғын үй салу жоспарлануда. Бұл жалпы ауданы 289,9 мың шаршы метр болатын 18 кешен. Қазіргі уақытта жалпы ауданы 73,1 мың м2 болатын 9 тұрғын үй салынуда. Көпқабатты үйлердің құрылысын аяқтау 2024-2025 жылдарға жоспарланған.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі құрылыс жұмыстарының тиімділігі мен сапасын атап өтті.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

