Петропавлдың неміс этномәдени орталығы Пасха мерекесін атап өтті
Пасха (Ostern) мейрамын немістер, басқа христиандар сияқты, 22 наурыздан ерте емес, бірақ 25 сәуірден кешіктірмей, жексенбі күні атап өтеді.
Өткен жексенбіде «Видергебурт «Солтүстік Қазақстан облыстық неміс мәдени орталығы» ҚБ Достық үйінде «Osternfest» атты мерекені ұйымдастырып өткізді.
Ұлттық киім киген әртістер неміс тілінде ән шырқап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Балалар пасхалық көріністен үзінді ұсынды.
Мерекенің ең басты қонағы – балаларды құттықтауға келген және олармен көңілді уақыт өткізген – Osterhase (пасхалық қоян) болды. Балалар онымен бірге би билеп, ойындар ойнап, ән шырқады. Концерттік бағдарлама соңында барлық балаларды тосынсый күтіп тұрды. Мерекеден кейін балалар «Пасха шеберханасына» барып, өз қолдарпымен пасха қояндарын жасады.