Петропавлдың орталық алаңында облыс әкімі Серік Біләловтың қатысуымен Конституция күніне арналған мерекелік шаралар өтті .
Петропавлдың орталық алаңында облыс әкімі Серік Біләловтың қатысуымен Конституция күніне арналған мерекелік шаралар өтті
Аймақ басшысы Конституцияның ХХІ ғасырдағы Қазақстанның болашаққа қарай басқан сәтті қадамының мызғымас негізі екенін атап өтті. Сондай-ақ әкім өз сөзінде солтүстік қазақстандықтарды облыстағы инновациялық жобалардың жүзеге асырылуы, машина құрылысының дамуы, агроөнеркәсіп кешенінің жаңа қарқыны жөнінде хабардар етті.
«Жаз маусымының құрғақ болғанына, ауа райының қолайсыздығына қарамастан, біз, астық жинауда жақсы нәтиже көрсетеміз деп жоспарлап отырмыз. Қазірдің өзінде егістік алқабының 40%-ы жиналды және 1,7 млн тонна астық бастырылды», – деді Серік Біләлов. «Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеп отыр. Қазақстан халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алып, биік белеске көтерілді. Әрбір қазақстандық келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінді.»
Шараның салтанатты бөлімінде облыс әкімінің Алғыс хаты, Құрмет грамотасы және мерейтойлық медальдар табыс етілді.
Мерекелік бағдарламаға тұңғыш рет қала мейрамханалары қатысып, тұрғындарға өз асханаларының дәмді тағамдарын ұсынды. Әсіресе, табиғат сыйы мен гүл көрмесі петропавлдықтардың ерекше назарын аударды. Оған қаланың барлық ұжымы қатысты.
Әбділда Нұрмағанбетов, мейрамхана қызметкері:
- Мемлекетіміз бен қоғам тұрақтылығының, болашаққа деген сенім мен халқымыздың ауқатты тұрмысының, лайықты өмірінің кепілі - Ата Заңымыздың мерейі әрдайым үстем болсын! Осындай республикалық іс-шаралар халық достастығын нығайтіп, бірлігін нығайтып, ел болып бірігуіне бірден-бір жәрдем етеді. Шараны ұйымдастырушыларға ұжымымыздың атынан алғысымызды білдіргіміз келеді.
Күні бойы алаңқайлар, соның ішінде балаларға арналған спорттық алаңқайлар, жаппай сату-көрмесі, фотокөрме жұмыс істейді. Ал кешке жастардың шығармашылық ұжымының қатысуымен лазерлік шоу өтеді.
Мерекеге қатысушылармен қатар тамашалауға келген көрермендер еліміздің егемендігінің басты мерекесін тойлауға белсене қатысты. Жыл сайын тойланатын Конституция күні мерекесі ауызбіршілікті қамтамассыз етіп, барлық халыққа ата-бабаларымыздың ерен еңбегімен жеткен ұлы күннің қадірін насихаттайды.