Жаңалықтар

Петропавлдағы атыс: Жарақат алған бір адам ауруханада қайтыс болды

Бұл туралы Polisia.kz сайты мәлімдеді
Петропавлдағы атыс: Жарақат алған бір адам ауруханада қайтыс болды
Фото: polisia.kz 26.02.2023 12:50 1663

Петропавл қаласы полиция басқармасының «102» жедел арнасына облыс орталығындағы көңіл көтеру орындарының бірінде ер адамның атыс жарақатын алғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

28 жастағы ер адам жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жатқызылды, алайда алған жарақатынан қайтыс болды.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі «адам өлтiру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы қылмысты жасады деген күдікпен Қызылжар ауданының 34 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті Петропавл қаласындағы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға