Петропавлда жаяу жүргіншіні қаққан түрме қызметкері жұмыстан қуылды
30.05.2023 17:15
Фото:
© Polisia.kz
26 мамырда СҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты мекеменің қызметкері жаяу жүргіншіні қағып кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір бұл қызметкер ішкі істер органдарынан шығарылып, үйқамаққа алынды.
Сонымен қатар бірқатар қызметкерлер, соның ішінде ҚАЖД басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Зардап шеккен адам да - ҚАЖ қызметкері. Ол қазір Петропавл қаласының көпсалалы ауруханасында жатыр.

