Петропавлда жарылған су құбырын мамандар қалпына келтірді. Апаттың салдарынан облыс орталығындағы екі аудан тұрғындары тәулік бойы сусыз отырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Апат орнында құбырды қалпына келтіру жұмысының аяқталғаны жөнінде Петропавл әкімі Руслан Аңбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Қала басшысы осылайша құбырды жөнге келтіру жұмыстарының барысынан хабардар етіп отырды.
«Жөндеу жұмыстары аяқталды. Кейін үйлерге су беріледі. Осы ретте «Қызылжар су» ЖШС-і мен жұмысқа жұмылдырлыған барлық коммуналдық қызметтерге алғысымды білдіргім келеді. Құрметті қала тұрғындары! Уақытша туындаған ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұраймын», - деп жазды Руслан Аңбаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шемонаиха қаласынан Ресей шекарасына дейінгі жол жабылды
Келесі жаңалық
Қызылордада енесінің атынан несие алған келін сотталды