Жаңалықтар

Петропавлдағы III қайрымдылық бал-маскарады

Петропавлдағы III қайрымдылық бал-маскарады
19.05.2018 01:50 2244

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев елдегі қайымдылық қызметінің бас үйлестірушісі болып  Ассамблея табылатынын атап өтті.  

Қазақстан тарихында тұңғыш рет «Қайрымдылық туралы» Заң қабылданды, осымен Ассамблея қайрымдылықты дамытуға ықпал етуге заңнамалық құзыреттілік алды.

Тұрақтылық, қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірліктің маңызды факторлары ретінде қайырымдылық мәдениеті мен меценаттылықты, қоғамда жанашырлық құндылықтарын, гуманизм және қайтарымсыз өз-ара көмек көрсетуді  дамыту мақсатында Қазақстан халқы Солтүстік Қазақстан облыстық ассамблеясымен «Қайырымдылық арқылы бірлік» ұранымен жыл сайын Қайырымдық балын өткізеді. Бұл-бұкіл солтүстікқазақстандықтар үшін жақсы дәстүрге айналған орасан зор іс-шара. Осылайша, бұрын өткізілген екі балдан түскен қаажаттарды есептегенде жиналған қаажат 5 млн.теңгеден асты. Жиналған қаражатпен қымбат емделуді қажетсінетін 7 балаға көмек көрсетілді.

2018 жылғы 15 мамырда Петропавл қаласында «Түркістан» қонақ үй кешенінің «Ақ тілек» мейрамханасында  III қайырымдылық  бал-маскарады өткізілді.

Іс-шараның алдында барлық қонақтар тамаша жанды оркестр музыкасынан, әсем фото-зонадан, сонымен қатар арнайы ресімделген декорациялардвн  ләззат алды.

Қайырымдық балына қатысуға Петропавл қаласы мен облыстың ірі кәсіпкерлері, жергілікті атқарушы және өкілетті билік, этномәдени және басқа қоғамдық бірлестіктер, қорлар өкілдері, сонымен қатар меценаттық саласына айрықша көңіл аударатын адамдар шақырылды. Залға  қайрымдылық жасап, емделуді қажетсінетін балаларға көмек көрсеткісі келген 300-дей қонақтар жиналды.

«Қайырымды ел» акциясы аясындағы ІІІ Қайырымдық бал-маскарадын ащқан, құрметті қонақ Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Леонид Андреевич Прокопенко болды. Ол жиналғандарды өңірде ғана емес, сонымен қатар жалпы елде өткізіліп жатқан ең маңызды оқиғалардың бірімен құттықтады, бал ұйымдастырушыларына, соның ішінде Қазақстан халқы Солтүстік Қазақстан ассамблеясын және «Қоғамдық келісім» КММ-не елдегі қайырымдылық қызметіне деген айрықша назарлары,  қоғамдағы меценант ролін нығайтуға, сонымен қатар қазақстандықтардың  өзекті проблемаларын шешуге оң көзқаас танытқандары үшін алғыс білдірді .

Бал қонақтарын Петропавл қаласы, облыстың шығармашылық ұжымдары мен әншілерінің, басқа өңірден келген қонақтардың,  би сессиялары, дебютанттардың тамаша өнерлері: полонез, вальс, танго  кұтіп тұрды. Кештің «көркі» болып 5 жастан 10 жасқа дейінгі жас  дебютанттардың  орындауындағы  вальс болды,олар өздерінің таланттары мен нәзіктігімен мереке қонақтарын пәктік пен жүректі елжіретіп таң қалдырды.

Қайрымдылық-аукцион балының негізгі кезеңі басталмастан бұрын- барлық қонақтар карнавалдық және маскарадтық маскаларын алып, юеттерін игі істер жасау үшін ашты.

Аукцион үшін барлығы 28 лот дайындалды: құнды спорт лоттары (боксшылар Серік Сәпиев және  Жанат Жақияновтың автографтарымен), зергерлік бұйымдар, авторлық суреттер, қолдан жасалған бұйымдар және т.б.

 

Осы балдың соңғы мейірімді миссиясын есте сақтап, мереке қонақтары аукционға қатысты. Қызығушылық пен көрсеқызарлықты арттыру мақсатында кейбір лоттар қайталау қойылып, аукционның басқа қатысушыларымен жоғары бағаға сатып алынды. Осылайша,  WBA және IBO версиялары бойынша әлем чемпионы, EBU  версиясы бойынша Еуропа чемпионы  Жаната Жақиянотың  формасы «балғаның» дүмпуімен 800 мың теңгеге «Семейный» сауда желісінің директоры Андрей Исаковқа кетті.

Андрей Исаков қайрымдық балына екінші рет қатысуда. Ол осындай іс-шаралардың біздің өңір үшін жақсы дәстүр болып қалуы крек деп есептейді. Себебі науқасы күрделі балаларға көмек көрсету-ең мейірімді іс.

ІІІ Қайырымдық бала-маскарадының қорытындысы бойынша 4 млн. 642 мың теңнге жиналды. Жиналған қаражат келесі балалардың емделуіне жұмсалады:

***Головырина Владиславаға (10 жаста)  диагнозы ДЦП, спастикалық диплегия, эпилепсия.

***Ғабдуллин Әмірге (13 жаста) ахондроплазия диагнозымен.

***Баймолдиай Каринаға (15 жаста) – диагнозы: талма, қол үщы-бас миындағы глиоздық өзгерістер.

Қазіргі күні Қайырымдылық бал – аукционы ақшалай қаражат жинау мақсатында ең нәтижелі жұмыс формасы болып табылады.  Қайырымдық балына қатысқан адамдар өздерін «сиқыршы» ретінде сезінеді, себебі олардың көрсеткен шамалы көмегі біреу үшін құтқару.

Игі істерге жүрегін ашқан адам ешқашан бұрынғыдай болмайды. Оның ойы мен істері адал болады. Әрбір адамның жарқын сезімі басқа адамдар үшін жарық жұлдыз болуы әбден мүмкін.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға